"Мұстафа Шоқай халықаралық зерттеу институты" ресми тіркеуден өтті
"Мұстафа Шоқай халықаралық зерттеу институты" қоғамдық бірлестігі Алматы қалалық Әділет басқармасынан ресми тіркеуден өтіп, жұмысын бастады.
Д.А.
Бүгін, 2026 жылғы 8 қыркүйек күні "Мұстафа Шоқай халықаралық зерттеу институты" қоғамдық бірлестігі ресми түрде тіркеуден өтті. Бірлестіктің мақсат-міндеттерімен таныстырып өтейік.
Бірлестіктің басты мақсаты — көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан ұлттық қозғалысының көшбасшысы Мұстафа Шоқайдың өмірін, шығармашылығын, қоғамдық-саяси қызметін, эмиграциядағы кезеңін, отбасылық мұрасын және Түркістан идеясына қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жан-жақты жүргізу, сақтау және насихаттау.
Бірлестік өз мақсаттарына жету үшін: -Мұстафа Шоқай мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттейді; -архивтік деректерді жинақтау, сақтау, жариялайды; -халықаралық ғылыми байланыстар орнатады; -конференциялар, форумдар, симпозиумдар өткізеді; -ғылыми басылымдар шығарады; -деректі фильмдер, мультимедиа жобалар әзірлейді; -ғылыми аудармалар жасайды; -жастар арасында тарихи сананы қалыптастырады; -Түркістан идеясының тарихи-саяси мәнін насихаттау жұмыстарын жүргізеді.
Бірлестік мүшесі атануға шақырамыз! Мүшелікке қабылдану шарттарын келесі жазбада түсіндіріп ұсынамыз.